Жеңіс мерекесі – бейбітшілік сүйгіш бүкіл адамзат қауымының мерекесі, жеңімпаз әкелер мен аға буынның және сол ағалар ісін алға апаратын жас буынның қасиетті де қастерлі мерекесі. Жыл өткен сайын аға буынға құрмет көрсету, ардагерлерді ардақтау шаралары да игі үрдіске айналған.
Биылғы мереке аясында кешен басшысы Аманжол Хасенов тыл ардагері Ырысжан Смағұлованың шаңырағына барып, қала әкімдігінің алғысын жеткізіп, айтулы мерекемен құттықтады.
Аманжол Амандықұлы ардагердің бейбітшілік орнатуға қосқан үлесі мен соғыстан кейінгі ұзақ жылдар бойы атқарған жемісті еңбегін атап өтіп, бүгінгі ұрпақ атынан алғысын жеткізді.
#Батырларғатағзым
#Бейбіткүнгеалғыс
#Ерліктеріөнеге
#Есіміелесінде