Бүгін Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен қала маңындағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде» атқа міну дәстүрі республикалық челленджі өтті.
Күзде елімізде алғаш рет 100-ден аса мемлекеттің қатысуымен дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында өткен челленджге 150-ге тарта спорт саласының қызметкерлері мен қатар елімізге танымал бірқатар спортшылар да бой көрсетті. Атап айтар болсақ Василий Левит, Ақмарал Науатбек, Едіге Емберді, Темірлан Мұқатаев, Нұрбек Талбудин және Эмма Тисина сынды спортшылар.
Республикамызда бірінші рет ұйымдастырылып жатқан шарада астаналықтар өзге өңірлерге де осындай челленджді жолдады.
«Біздің ұлттық мұрамыз, атқа міну мәдениеті. Бүгінде жастар арасында атқа мінуді кеңінен насихаттап, ұлттық дәстүрді дамытуға ерекше назар аударғанымыз артық емес.
Қазіргі жас ұрпаққа жылқы түлігі туралы таным-түсінігін байыту оларға насихаттау үшін Астана қаласының спорт басқармасы осы бір керемет челленджін бастап отыр. Біз Астана қаласының спортшылары мен спорт саласының қызметкерлері айтулы «Атқа міну дәстүрі» челленджін еліміздің барлық облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларына жолдаймыз» - дейді Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ басшысы Айдын Тоқбаев.
Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл бір реттік қана шара емес. Енді әр сайын тұрақты түрде өтетін болады.
Шара барысында қатысушылар тек қана атқа отырумен шектелмей, арқан тартыстан да сынға түсті. Нәтижесінде «Толқын» спорт кешенінің қызметкерлері өзгелерден мықты екендігін көрсетті.
Жиын соңында арнайы фуршет ұйымдастырылып, барлық жиналған жандар жақсы көңіл-күймен үйлеріне тарқасты.